Таксиде жүрген көлікті сатып аларда нені ескеру керек
Такси қызметінде жүрген көлікті сатып алсаңыз, кейін оның жөндеуі қымбатқа түсуі мүмкін. it Service халықаралық автосервис желісінің техникалық директоры Никита Родионов көлікті аларда нені тексеру керегін түсіндірді. Сондай-ақ ол көлікті бір рет қарап шығу неге жеткіліксіз екенін айтты.
Ең алдымен жүргізуші отыратын орынды мұқият тексерген жөн. Атап айтқанда:
Егер сатушы көліктің жүрісі аз екенін айтса, бірақ рөлі жылтырап, орындығы шөгіп, педальдары қатты тозған болса, одометрдегі жүріс көрсеткішінің дұрыстығына күмән туындауы мүмкін.нуға негіз бар.
Сондай-ақ салонның артқы оң жағына назар аудару керек. Бұл орынға жолаушылар жиі отырады. Қаптаманың қажалуы, есік тұтқаларының бүлінуі, шынтақ тірегі мен табалдырықтардың тозуы көліктің қарқынды пайдаланылғанын көрсетуі мүмкін.
Телефон немесе планшет ұстағыштарының бекіту іздері, желім қалдықтары, қосымша жабдықтан қалған тесіктер мен зауыттық емес сымдар да назар аударуға тұрарлық. Мұндай белгілер көліктің таксиде жүргенін нақты дәлелдемейді, бірақ сатушыдан қосымша ақпарат сұрап, көлік тарихын тексеруге себеп болады.
Көлік қарқынды пайдаланылса, жылына 100–150 мың шақырым жүруі мүмкін. Бұл тек таксиге ғана емес, жеке мақсатта қолданылатын көліктерге де қатысты. Сондықтан жүріс көрсеткішін көліктің жасымен, салонының жағдайымен, шиналарының, тежегіштері мен аспасының тозуымен салыстыру маңызды.
Көлікті тексермес бұрын VIN-кодын сұрап, тарихын анықтаған жөн. Ол үшін бұрынғы иелерінің санын, жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді, көлікке қойылған шектеулер мен техникалық қызмет көрсету тарихын тексеру қажет.
Көлікті сынақтан өткізгенде музыканы өшіріп, қозғалтқыштың жұмысын және бөгде дыбыстарды тыңдау керек. Кедір-бұдыр жолда тарсыл естілсе, доңғалақ тұсынан гуіл шықса немесе сықыр байқалса, кейбір бөлшектер тозған болуы мүмкін.
Тежеген кезде рөл қатты дірілдемеуі керек. Сондай-ақ көліктің түзу жолда бір жаққа тартпайтынына назар аударған жөн.
Капотта, бамперде, есіктер мен айналарда сызаттар мен бояу іздері бар-жоғын тексеріңіз. Көліктің кейбір бөлшектері қайта боялған болса, оның себебін анықтап, шанақ бөліктерінің арасындағы саңылауларды тексерген дұрыс.
Шиналардың біркелкі тозбауы немесе бір осьте әртүрлі модельдегі шиналардың тұруы да қосымша тексеруді қажет етеді. Бұл жүріс бөлігіне немесе доңғалақтардың орналасуына қатысты ақауларды көрсетуі мүмкін.
Мәміле жасамас бұрын көлікті сервисте тексерткен жөн. Компьютерлік диагностика қозғалтқыш пен беріліс қорабындағы ақауларды анықтауға көмектеседі. Ал көлікті көтергішке қойып тексеру аспа мен тежегіш жүйесіндегі ақауларды, сұйықтықтардың ағуын анықтауға мүмкіндік береді.
Маманның айтуынша, бұрын такси болған көлікті бірден сатып алудан бас тартудың қажеті жоқ. Ең бастысы – оның техникалық жағдайы бағасына сай болуы, тарихы түсінікті болуы және диагностика кезінде күрделі ақаулардың анықталмауы маңызды.
Тағы да оқыңыз: Жүрілген көлік сатып аларда нені ескеру керек – 4 маңызды кеңес
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қазан 2026