Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қостанайда мас күйде көлік жүргізген ер адам 1 жарым жылға сотталды

kz.kursiv.media

Қостанайда мас күйде көлік жүргізген ер адам 1 жарым жылға сотталды

Қостанай облысында жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан мас күйде рөлге отырған жүргізуші бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Өңірлік прокуратура ақпаратына сүйенсек, Бейімбет Майлин ауданында осындай құқық бұзушылық жасаған жүргізушіге қатысты айыптау үкімі шықты. Ол бұған дейін жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік мас күйде көлік жүргізген.

Ер адам Nissan Patrol автокөлігімен Қостанай – Қарабұтақ тасжолында, Валерьяновка ауылы маңында Лисаков қаласына қарай қозғалған.

Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды. Бұл бап көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікті көздейді.

«Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу арқылы 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды», – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, осыған дейін Қостанай облысының Жітіқара қаласында Lada Kalina автокөлігі теміржол өткелінде локомотивпен соқтығысқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар