Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда Қытай азаматы мас күйде полициядан қашқан

kz.kursiv.media

Алматыда Қытай азаматы мас күйде полициядан қашқан

Алматыда Қытай нөмірлі көліктің жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Кейін оның мас күйде көлік жүргізгені анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы ауданында «Буран-230» патрульдік экипажы Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан көлікті байқап, тоқтауын талап еткен. Алайда жүргізуші полиция талабын елемеген соң, тәртіп сақшылары оны қуа жөнелген.

Тексеру барысында көлік тізгінінде Қытай азаматы отырғаны анықталды. Оның әрекеті күдік тудырғандықтан, ер адам медициналық куәландыруға жіберілген. Нәтижесінде жүргізушінің орташа дәрежеде мас болғаны расталды.

«Жүргізуші көлік басқарудан шеттетілді. Мас күйде көлік жүргізу дерегі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда бір аптада 366 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар