Ресей консулдығы рэпер NAVAI-дың ұсталуына қатысты Қазақстанға нота жіберді
Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы рэпер Navai-дың (Наваи Бакиров) ұсталуына байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігіне арнайы нота жолдады. Бұл туралы Kursiv Media жазады.
Ресей дипломатиялық өкілдігі ресми хатта музыкант не себепті ұсталғанын және оның қазіргі жағдайын түсіндіруді сұрады.
«Бұл – ресми органдармен байланысудың заңды жолы. Осы нота арқылы біз Ресей Федерациясының азаматы қазір қайда, қандай жағдайда отырғанын білгіміз келеді. Оған қоса қажет болған жағдайда оған консулдық қолжетімділік беруді сұрадық», – деп хабарлады Бас консулдықтың баспасөз қызметі.
Дипломаттардың айтуынша, олар жағдай туралы ресми хабарламадан емес, бұқаралық ақпарат құралдарынан білген. Жамбыл облыстық полициясы оқиға туралы Қазақстан СІМ-не дер кезінде ақпарат бермегендіктен, консулдық адвокаттардың немесе басқа тұлғалардың өтінішін күтпестен, өз бастамасымен сұрау салуға мәжбүр болған.
Қазір рэпердің қорғаушы тарапы оны екі айға қамау туралы сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым дайындап жатыр.
Еске салайық, 14 қазанда Қазақстанға кіретін «Қордай» шекара бекетінен өтпек болған әртіс көлігінен есірткі заттары табылған. Осыған байланысты контрабанда жасауға әрекеттенді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалып, Наваи Бакиров уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы оқиғадан кейін рэпердің 14 қазанда Астанада өтуі тиіс болған концерті кейінге қалдырылмай, мүлде тоқтатылды.
- Соңғы
- Қазан, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қазан 2026