Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

4,4 млрд теңгенің пәтерлерін иемденбек болған алаяқтарға полицейлер көмектесуі мүмкін

kz.kursiv.media

4,4 млрд теңгенің пәтерлерін иемденбек болған алаяқтарға полицейлер көмектесуі мүмкін

ҚМА Астанада жүздеген пәтерді жалған үлескерлердің атына заңсыз рәсімдеу әрекетіне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, іске полиция қызметкерлерінің де қатысы болуы мүмкін.

Тергеу нұсқасы бойынша, схеманы бұған дейін «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің 1,5 мың үлескерінен 10 млрд теңге жымқырғаны үшін сотталған Айдын Байжұманов ұйымдастырған.

Құрылыс аяқталғаннан кейін пәтерлердің бір бөлігі көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, мүгедектігі бар азаматтарға және әлеуметтік осал топтарға берілуі тиіс болған. Алайда күдіктілер жалған келісімшарттар мен сот шешімдерін пайдаланып, бұл баспаналарды иемденбек болған.

Тергеу мәліметінше, 80-нен астам жалған үлескердің атына жалпы құны 4,4 млрд теңгеден асатын 170 жылжымайтын мүлік нысанын рәсімдеу жоспарланған.

Іс аясында полиция қызметкерлеріне қатысты да қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және дәлелдерді қолдан жасау деректері бойынша бөлек тергеу басталды.

Жалпы, 19 адам күдікті деп танылды. Олардың тоғызы қамауға алынып, құны 250 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.

Қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Мұның алдында, 231 адамға 2,9 млрд теңге көлемінде залал келтірген күдікті Астана қаласында ұсталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар