Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ескі көліктерді утилизациялау қашан басталады – министрлік түсіндірді

kz.kursiv.media

Ескі көліктерді утилизациялау қашан басталады – министрлік түсіндірді

Қазақстанда ескі көлігін кәдеге жаратуға тапсырып, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын алғысы келетін азаматтар әзірге өтінім бере алмайды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрықтың қабылдануы бағдарламаның іске қосылғанын білдірмейтінін мәлімдеді.

Министрліктің түсіндіруінше, қазір ескі көліктерді қабылдау жүргізілмейді.

Бағдарламаға қатысты ақпараттың таралуына Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 252 бұйрығы себеп болған. Құжатта ескі көліктерді утилизацияға тапсырғанын растайтын құжаттарды беру және жеңілдік сертификаттарын ұсыну тәртібі белгіленген. Алайда министрлік бұйрықтың күшіне енуі мен ескі көліктерді қабылдау бағдарламасының басталуы екі бөлек екенін атап өтті.

«Аталған бұйрықтың қабылдануы бағдарламаның нақты іске қосылғанын және автокөліктерді кәдеге жаратуға қабылдау басталғанын білдірмейді», – делінген ведомство хабарламасында.

Бұйрық 2026 жылғы 25 қазанда күшіне енеді. Дегенмен бұл уақытта да ескі көліктерді қабылдау немесе жеңілдік сертификаттарын беру басталмайды.

Қазір «Жасыл даму» АҚ пайдаланудан шыққан көліктерді қабылдап, кейін кәдеге жарататын қайта өңдеу кәсіпорындарын іріктеп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, қажетті рәсімдер аяқталып, тиісті шарттар жасалғаннан кейін бағдарламаға қатысу талаптары, іске қосылу мерзімі және қабылдау пункттерінің мекенжайлары жарияланады.

Әзірге ескі көлікті тапсырып, жеңілдік сертификатын алуға болатын нақты күн белгіленбеген. Сондықтан азаматтарға бағдарламаның басталғаны туралы ақпаратты Экология министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ-ның ресми ресурстарынан тексерген жөн.

Тағы да оқыңыз: Ескі көлікті кәдеге жарату үшін берілетін жеңілдіктердің мөлшері анықталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар