Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оңтүстік Кореядағы зауытта өрт шығып, жеті адам зардап шекті

kz.kursiv.media

Оңтүстік Кореядағы зауытта өрт шығып, жеті адам зардап шекті

Оңтүстік Кореяның Пучхон қаласындағы металл өңдеу зауытында өрт шығып, жеті адам зардап шекті. Олардың арасында жүрегі тоқтап қалған өрт сөндіруші де бар.

Yonhap агенттігі хабарлауынша, өрт 16 қазан, жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:38-де зауыттың төрт қабатты ғимаратында басталған. Тілсіз жауды сөндіруге 80 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Шамамен екі сағаттан кейін өрттің негізгі бөлігі оқшауланды.

Оқиға салдарынан екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алған. Олардың бірінің жүрегі тоқтап, ауруханаға жеткізілген. Тағы үш өрт сөндіруші мен зауыттың екі жұмысшысы жеңіл жарақат алып, кейбірі түтінге уланған.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зауытта тез тұтанатын материалдар сақталған.

Оқиға туралы баяндама алған Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён өртті сөндіру және қауіп-қатер аймағындағы адамдарды құтқару үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар