Тазабек Баянов: Абби, жұдырықтасу, жүзу, шахмат, шашка болсын, келші!
Қазақстандық ММА жауынгері Тазабек Баянов пен өзбекстандық Абдумалик «Абби» Ербутаевтың сөз қағыстыруы желіні жарды, деп хабарлайды Kursiv.media.
«Абби» Тазабекті жекпе-жектің жұдырықтасу түрінде күш сынасуға шақырды. Тазабек Баянов тосылмай, әзілдей жауап берді.
«Е, дарылдамашы! Сен кімсің? Төбелесе алмайтын… Мен саған жігітше айтайын. Жекпе-жектен қашатын болсам, еркек емеспін. Дәл сенімен кез келген жерде төбелесемін, бауырым. ММА болсын, жұдырықтасу болсын, жүзу, шахмат, шашка болсын, келші!» – деді ол.
Тазабектің бұл сөзі залды ду күлдірді. Кейде жекпе-жектің өзінен гөрі жауынгер арасындағы өзара қағытпалары көпшіліктің есінде қалып жатады. Тазабек пен «Абби» арасындағы сөз жарыс соның бірі болғандай.
ММА – бірнеше жекпе-жек бағытын біріктірген спорт түрі. Оған бокс, кикбоксинг, күрес, дзюдо және джиу-джитсу жатады.
Айта кететін жайт, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған еді.
- Соңғы
- Қазан, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қазан 2026