Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Министр Ертаев жәрдемақы ала ма: тікелей эфирде қай санатқа жататынын анықтады

kz.kursiv.media

Министр Ертаев жәрдемақы ала ма: тікелей эфирде қай санатқа жататынын анықтады

Бүгін, 16 қазанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дау боп жатқан жәрдемақы мәселесіне қатысты брифинг өткізді. Жиында ведомство азаматтардың қай санатқа жататын анықтауға көмектесетін арнайы калькуляторды таныстырды. Алғашқылардың бірі болып министр Асқарбек Ертаев табысын есептеп, қай санатқа жататынын анықтады деп жазады Kursiv Media.

Отбасының әл-ауқатын анықтау калькуляторын вице-министр Бақтияр Жазықпаев таныстырды. Оның сөзінше, калькулятор Egov және Egov Mobile қосымшаларында қолжетімді болады. Сол жерден кез келген адам өзінің жеке деректерін енгізіп, табысын есептей алады.

Бағалау сегіз бағыт бойынша жүргізіледі:

Бұған дейін Kursiv Media «Отбасының цифрлық картасы» жобасындағы әдістемені негізге ала отырып, жәрдемақы есептеуді ұсынған еді. Дегенмен министрлік ол әдістеменің жарамсыз екенін айтып, отбасының әл-ауқатын анықтау калькуляторы жаңадан жасалатынын ескерткен. Екі әдістеме арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ, дегенмен кейбір критерийлер алынып тасталған. Мәселен, ескі әдістемеде қайда тіркелгені есепке алынған. Егер Алматы, Астана, Шымкент тәрізді қаланың бірінде тіркелсе, 70 балл қосылатын. Ал жаңа әдістемеде бұл бөлім алынып тасталған.

Тікелей эфирде бірінші болып еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев калькуляторды пайдаланып, табысын есептетті. Ведомство басшысының өз дерегіне сүйенсек, оның отбасында алты адам бар. Төрт баласы және жұбайы екеуі. Министрдің жасы 39-да, ресми жалақысы – 1 млн 200 мың теңге. Жұбайы 44-те, бірақ жұмыссыз, үй шаруасында отыр. Төрт ұлының екеуі жұмыс істейді. Жиырма тоғыздағы ұлының табысы – 600 мың теңге. Ал 23-тегі ұлының жалақысын 400 мың теңге деп тіркеді. Одан бөлек мектепте оқитын жасөспірім қызы және төрт жасар ұлы бар.

Дүние-мүліктен Астанадағы екі пәтері бар екенін айтты. Аумағы 60 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтері және 100 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтер иеленген. Көлігі – 2013 жылғы Toyota Camry 50. Басқа коммерциялық мүлік, жер учаскесі тіркелмеген көрінеді. Нәтижесі – «В» санаты, жәрдемақы алуға жатпайды.

Одан бөлек министр отбасында ешкім жәрдемақы алмағанын да атап өтті. Сөзінше, соңғы рет 2022 жылы кенже ұлы туғанда мемлекеттен жәрдемақы алған. Бірақ қажет болса әлеуметтік төлемнен бас тартуға дайын екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: 200 адам үкімет жәрдемақысынан бас тартқан

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар