Албанияда студенттер көтеріліске шықты
Албанияда студенттер үкімет саясатына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Ел астанасы Тирана және маңындағы бірнеше шағын қалада шерулер болып өтті, деп жазады Kursiv.Media DW-ге сілтеме жасап.
Шкодер қаласында шерушілер әкімдік ғимаратының терезелерін шағып, билікшіл Социалистік және оппозициялық Демократиялық партияның кеңселеріне тас лақтырған. Оңтүстік-шығыстағы Корча қаласында мектеп ғимараттарының терезелері сындырылып, көшелер жабылды. Бірнеше жерде көтеріліске шыққандар мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыстар болды.
DW жазуынша, Тиранада демонстранттар тас лақтырып, дүкен витриналарын сындырып, баррикадалар орнатып, қоқыс жәшіктерін өртеді. Полиция су шашатын машиналар мен көзден жас ағызатын газ қолданды.
Көшеге шыққан студенттер Албания үкіметінің басшысы Эди Раманың қызметінен кетуін талап етеді.
«Бізге бос уәделер емес, шынайы өзгерістер қажет. Біз халыққа қарсы емес, халық үшін жұмыс істейтін үкіметті қалаймыз», – деді наразылық акциясына қатысушылардың бірі.
Оның айтуынша, Албания тұрғындарының жағдайы қиындап жатыр, бірақ қымбатшылықтан ерекше көп зардап шегетіндер – студенттер.
14-15 қазанда демонстранттар бірнеше үкіметтік ғимаратқа басып кіріп, кем дегенде біреуін өртеп жіберді. Полиция мәліметінше, 14 қазанда наразылық шаралары кезінде «полицейлерге, билік органдарына, қоғамдық мекемелер мен жеке меншікке шабуыл жасағаны үшін» 65 адам ұсталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 қазанда ауруханаларда 89 адам, оның ішінде 61 полиция қызметкері көмек алды.
Еске салайық, осыған ұқсас шеру Францияда да жүріп жатыр. Ол жақта оқушылар наразылық акциясына шығып, білім беру жүйесін реформалауды талап етіп отыр.
- Соңғы
- Қазан, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қазан 2026