Алматы тұрғындарының суға қарызы 550 млн теңгеден асып кетті
Алматы тұрғындарының сумен жабдықтау және канализация қызметтері үшін берешегі 550 млн теңгеден асып кетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Алматы Су» кәсіпорны төлем мерзімін өткізіп алу тек өсімпұл есептеуге ғана емес, сонымен бірге су беруді шектеуге, ал кейбір жағдайларда сот өндірісіне алып келетінін ескертеді.
Кәсіпорынның мәліметінше, қарыздың шамамен 250 млн теңгесі көпқабатты үй тұрғындарына тиесілі. Тағы 300 млн теңгеден астам берешек жеке сектордағы үй иелеріне тиесілі болып отыр.
Су мен канализация шоттарын айдың 25-іне дейіньтөлеу қажет. Егер қаражат уақытылы түспесе, 26-сынан бастап өсімпұл жүре бастайды.
Алайда бұл тек бастамасы болуы мүмкін. Төлем ұзақ уақыт бойы жасалмаған жағдайда, коммуналдық қызмет өкілдері су беруді шектеуге немесе мүлдем тоқтатуға, ал берешекті сот арқылы өндіріп алуға құқылы. Бұл жағдайда борышкерге негізгі қарыздан бөлек, өсімпұлды және сот шығындарын да өтеуге тура келеді.
Бұл ретте тұтынушыға сумен жабдықтаудың шектелетіні туралы шара қолданылғанға дейін 3 күн бұрын ескертілуі тиіс.
«Алматы Су» өкілдері түбіртектегі түсімдерді үнемі тексеріп, шоттарды уақытында төлеп тұруға кеңес береді. Бұл берешектің жиналуын, қосымша төлемдерді және сот арқылы мәжбүрлі түрде өндіріп алуды болдырмауға көмектеседі.
Ал қарызы бар тұрғындарға берешек сомасын тексеріп, төлемді кешіктірмей өтеу ұсынылады.
Бұған дейін Алматыда 600-ден астам кәсіпорын коммуналдық қызметке қарыз екенін жазған едік.
- Соңғы
- Қазан, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қазан 2026