Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада сәбилі келіншекті қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

kz.kursiv.media

Қызылордада сәбилі келіншекті қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

Қызылорда полициясы емізулі баласы бар әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр. Жарақат алған сәби ауруханада қайтыс болған, деп жазады Kursiv.Media.

Қайғылы оқиға 13 қазанда кешкі бестер шамасында Құттықожа көшесінде болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Lancer көлігінің жүргізушісі жүргіншілерді қағып, әрі қарай тоқтамай кетіп қалған. Сәби мен анасын бірден ауруханаға жеткізеді. Алты айлық нәресте басынан қатты зақым алған, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ал анасы ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні іздестіріп, өңірде оперативті іздеу шараларын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында екі баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталғанын жазған едік. 65 жастағы жүргізуші қазір уақытша қамау изоляторында отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар