Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Камбоджа алты бағыт бойынша меморандумға қол қойды

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Камбоджа алты бағыт бойынша меморандумға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа премьер-министрі Хун Манеттің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті. Тараптар цифрландыру, сауда, мәдениет, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға келісті, деп жазады Kursiv.media.

Атап айтқанда, Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Камбоджаның пошта және телекоммуникациялар министрлігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Камбоджаның ішкі істер министрлігі цифрлық үкімет, GovTech және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Бұдан бөлек, екі елдің сауда және интеграция министрліктері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі мен Камбоджаның мәдениет және көркем өнер министрлігі мәдениет пен өнер саласындағы байланыстарды нығайту жөніндегі құжатқа қол қойды.

Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстанның туризм және спорт министрлігі мен Камбоджаның туризм министрлігі арасында да меморандум жасалды.

Сонымен қатар Астана мен Камбоджаның астанасы Пномпень қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандумға қол қойылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар