Қазақ анимациясының дамуына еңбек сіңірген суретші өмірден өтті
Қазақстандық белгілі суретші-аниматор, ұстаз Алтынбек Өмірзақов қайтыс болды. Ол қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі болған, деп хабарлайды Kursiv.media.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтты.
Алтынбек Өмірзақов ұлттық мультипликацияның қалыптасуы мен дамуына үлес қосып, өмірін осы өнер саласына арнаған. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде ұзақ жыл ұстаздық етіп, жас аниматорларды тәрбиеледі. Сондай-ақ ұлттық анимация мектебінің дәстүрін жалғастыруға атсалысты.
«Қазақфильм» мен «Қазақанимация» өкілдері суретшінің шығармашылық мұрасы мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі қазақ анимациясының тарихында өзіндік орын алатынын атап өтті.
- Соңғы
- Қазан, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қазан 2026