Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысында жоғалған ерекше қажеттілігі бар бала тірі табылды

kz.kursiv.media

Абай облысында жоғалған ерекше қажеттілігі бар бала тірі табылды

Абай облысында жеті жасар баланың жоғалғаны туралы хабар түскен соң полиция қызметкерлері аулаларды, көшелерді және су айдындарының жағалауларын тексерді. Бала Үржардан төрт шақырым жердегі ауыл шаруашылығы алқабынан тірі табылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ІІМ ақпаратына сүйенсек, бала күндіз аулада әжесі мен атасының қарауында болған кезде үйден шығып кеткен. Алдымен туыстары оны өз беттерінше іздеуге тырысқан, кейін полицияға жүгінген. Әжесі немересінде даму ерекшеліктері барын айтып, тезірек көмектесуді сұраған.

Бала далада табылды

«Сағат 16:00 шамасында полиция капитаны Азамат Дүйсебаев пен полицияның аға лейтенанты Ролан Байтлеуов баланы Үржардан төрт шақырым жердегі ауыл шаруашылығы алқабынан тапты», – деп хабарлады полицияда.

Баланың табылғаны туралы бірден оның жақындарына хабарланды.

Айта кетейік, осыған дейін Семейде жоғалып кеткен қос жасөспірім жергілікті тұрғындардың бірінің ауласынан табылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар