Қыздар университетінде тегін тамақ берілмеуі мүмкін
«Ашық НҚА» сайтында келесі оқу жылынан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (ҚызПУ) білім беру гранты бойынша оқитын студенттерді тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді тоқтатуды көздейтін қаулы жобасы жарияланды.
Құжатты талқылау 3 қарашаға дейін жалғасады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мұны «бюджет қаражатын оңтайландыру және студенттерді тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды кезең-кезеңмен тоқтату» деп түсіндірді.
«Аталған норма «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерді тегін ыстық тамақпен (шығындарды 100% өтеу) қамтамасыз ету бойынша жеңілдікті 2027-2028 оқу жылынан бастап оқуға түскен тұлғалардан бастап кезең-кезеңмен шектеуді көздейді», – делінген НҚА-ның қысқаша мазмұнында.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қазан 2026