Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын алды

kz.kursiv.media

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын алды

Қазақстандық пара пауэрлифтингші Давид Дегтярев Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол жарыс рекордын жаңартып, Қазақстан құрамасына екінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды Kursiv Media.

19 қазанда Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы 191 келі салмақты бағындырып, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. Осы нәтижесінің арқасында ол қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Қытай өкілі Ян Цзинлянға бұйырды. Ал Индонезия спортшысы Хильман қола медаль иеленді.

Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия Пара ойындарындағы екінші алтын медалі.

Бұған дейін қазақстандық Еркін Ғаббасов пара нысана көздеуден 10 метр қашықтықта пневматикалық мылтықпен ату сайысында (R1) жеңіске жеткен болатын. Ол финалда 249,1 ұпай жинап, Азия Пара ойындарының рекордын орнатты.

Сонымен қатар пара пауэрлифтингтен 41 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тұрсынай Қабыл 104 келіні көтеріп, күміс жүлдегер атанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар