Құны 5 млрд доллар: Екібастұздағы дата-орталық алқабы 2027 іске қосылмақ
Екібастұз қаласында жасанды интеллект пен деректерді өңдеуге арналған «Data Center Valley» ауқымды технологиялық кластері салынып жатыр. Әу баста 10 млрд доллар жұмсалады деп жоспарланған жоба құны екі есе арзандаған.
Жоба аясындағы қуаты 50 МВт болатын алғашқы деректерді өңдеу орталығы 2027 жылы пайдалануға берілмек, деп хабалайды Kursiv.Media.
Жасанду интеллект минстру Жаслан Мәдиев пен мен «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин құрылыс барысымен танысып, нысанды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстарын пысықтады. Қазіргі уақытта құрылыстың нақты дайындық деңгейі ашық айтылмай отыр.
Жобаның негізгі мақсаты – есептеу қуатын кезең-кезеңімен 1 ГВт-қа дейін жеткізу. Осы бағыттағы бірінші кезеңге арналған 215 МВт қуат көлемі қазірдің өзінде тапсырыс берушілер арасында толықтай бөлініп қойған.
Қазақстан ұсынып отырған жобаның басты бәсекелестік артықшылығы – электр энергиясы тарифінің төмендігінде. Бұл кешенде электр энергиясының бағасы 1 кВт·сағатына 11,3 теңгеден бсталады.
Жобасы NVIDIA және Firebird AI сияқты әлемдік технологиялық алыптардың қатысуымен іске асырылып жатыр. Инфрақұрылым жасанды интеллект модельдерін оқыту және күрделі деректерді өңдеуге арналған заманауи процессорлармен жабдықталады.
Жобаның негізгі операторы – «Қазақтелеком». Осы хаб болашақта Microsoft және OpenAI сияқты технология алпауыттарымен бірлесіп, жасанды интеллект моделдерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірге Google, Meta, Apple сияқты IT алыптарын тартқысы келетінін мәлімдеген.
Қазақстанның «Силикон алқабына» айналатын нысан аумағы 177 гектарды құрайды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қазан 2026