Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бір балаға бір ваучер: тегін үйірмелерге қатысты жаңа тәртіп ата-аналарды алаңдатты

kz.kursiv.media

Бір балаға бір ваучер: тегін үйірмелерге қатысты жаңа тәртіп ата-аналарды алаңдатты

Ата-аналар балаларды тегін үйірмелерге жазу тәртібінің өзгеруіне наразылық білдіріп жатыр. Бұған дейін e-Daryn платформасы арқылы бірнеше үйірмеге қатар қатысуға мүмкіндік болса, жаңа OQU жүйесінде әр балаға бір ғана ваучер берілетіні айтылған. Соның салдарынан балалар бірнеше тегін үйірмеге қатар қатыса алмайды.

Ата-аналардың басты наразылығы – балалардың бірнеше жылдан бері қатысып жүрген үйірмелерінің бірінен бас тартуға мәжбүр болуы. Ақылы үйірмелердің айлық бағасы 20 мың теңгеден басталады. Ал бірнеше бағыт бойынша оқу ақысын қатар төлеу көп отбасының қалтасына салмақ салады.

«Балам музыка мектебінде екі бағыт бойынша оқиды, ағылшын тілі мен би үйірмесіне де қатысады. Енді соның біреуін ғана таңдау керек пе? Бірнеше жылдан бері оқып жүрген музыка мектебіндегі бір бағыттан бас тартуы тиіс пе? Балалардың дамуына неге шектеу қойылады?» – деп наразылық білдірді қазақстандықтар әлеуметтік желіде.

Қазақстандықтар оқу-ағарту министрлігіне және әкімдіктерге өтініш жазуға, сондай-ақ балалардың тегін білім алу және бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндігін қайтаруды талап етіп, ресми петиция бастауға үндеп жатыр.

Ата-аналардың айтуынша, жүйедегі өзгеріс туралы түсініктеме жеткіліксіз. Оның қашан күшіне енетіні және жаңа тәртіптің қалай жұмыс істейтіні жөнінде де нақты ақпарат берілмеген.

«Ештеңені дұрыстап түсіндірмейді, нақты күнін айтпайды, мұны кім және қалай шешкені жөнінде де толық нұсқаулық жоқ», – деп жазды ата-аналар.

Балаларға арналған қосымша білім беру жүйесін жетілдірудің жаңа тәртібі Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды қалаларында енгізіліп жатыр.

Жаңа жүйенің негізгі қағидасы – «бір балаға бір ваучер». Яғни әр оқушы өзі таңдаған бір үйірмеге немесе секцияға тегін қатысу үшін жеке ваучер алады.

Кезекке қою кезінде 12 әлеуметтік санат ескеріледі. Олардың қатарында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балалары мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да бар. Ата-аналар өтінімнің жай-күйін білу үшін үйірме ұйымдарына өздері барып сұрауға міндетті емес. Өтінім мәртебесін онлайн бақылауға болады, ал кезек келгенде ата-анаға хабарлама жіберіледі.

Тағы да оқыңыз: Астанада балаларға қандай тегін үйірмелер мен спорт секциялары бар

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар