Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл Қытайдан экспортталатын көлік саны рекордтық 10 миллионнан асады

kz.kursiv.media

Биыл Қытайдан экспортталатын көлік саны рекордтық 10 миллионнан асады

Биыл Қытайдан сыртқы нарыққа шығарылатын автокөліктер көлемі алғаш рет 10 миллионнан асуы мүмкін. Мұндай болжамды Қытайдың автомобиль өндірушілер қауымдастығы жариялады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Қауымдастық дерегінше, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында шетелге 8 миллионнан астам көлік жеткізілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%-ға артық.

Экспорт географиясы Еуропа, Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығысты қамтиды. Бұл нарықтарда әсіресе электрмоторлы көліктер мен гибридтерге сұраныс жоғары.

Сала сарапшыларының пікірінше, Қытай автоөнеркәсібінің позициясын нығайтуға қолжетімді баға мен заманауи технологияларды енгізу айтарлықтай ықпал етіп отыр.

2027 жылдан бастап Қытайдан көлік экспорттау талаптары қатаңдайды. Өндірушілер шетелде сервистік орталықтары барын және олардың көліктерге қызмет көрсетуге дайын екенін құжатпен растауға тиіс болады.

Қытайдың Сауда министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап экспорт лицензиясын рәсімдеу кезінде өндірушілер шетелдегі сервистік орталықтарының барын және олардың көліктерге қызмет көрсете алатынын дәлелдеуі қажет.

Ол үшін компаниялар сервистік орталықтармен жасалған келісімдерді немесе өздерінің қызмет көрсету желісі барын растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті рұқсаттар, жабдықтар, мамандардың біліктілігі және қосалқы бөлшектерді жеткізу жүйесі туралы мәліметтер сұралады.

Бірінші санаттағы өндірушілер шетелде кемінде 50 сервистік орталығы бар екенін растауға тиіс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар