Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елде заңсыз жүрген 236 азамат шығарылды, қайта кіруге 5 жылға дейін тыйым салынды

kz.kursiv.media

Елде заңсыз жүрген 236 азамат шығарылды, қайта кіруге 5 жылға дейін тыйым салынды

ІІМ 5-16 қазан аралығында «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, көші-қон заңнамасын бұзудың 15,8 мыңнан астам дерегін анықтады, деп жазады Kursiv.Media.

Тексеру нәтижесінде Қазақстанда тұру ережелерін бұзған 7 595 шетел азаматы және заңсыз еңбек қызметімен айналысқан 3 899 адам жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз пайдаланған 815 жұмыс берушіге қатысты шаралар қабылданды.

Сот қаулысымен 2 479 шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылып, 236 адам мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Оларға Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды. Тексеру кезінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен 14 адам анықталды. Сонымен қатар іздеуде жүрген 62 шетел азаматы ұсталды.

Полиция заңсыз көші-қонға қатысты бірқатар деректі де анықтады. Алматы облысында шетелдіктерге тұрғын үй беріп, заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Осындай жағдайлар Жамбыл және Павлодар облыстарында да тіркелген.

Ал Шымкенттегі құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген 40-қа жуық шетел азаматы анықталды. Ұқсас заң бұзушылықтар Алматы қаласында және бірқатар облыста тіркелген.

Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бір жыл ішінде бірнеше рет бұзған 10 жұмыс берушіге қатысты тергеп-тексеру басталды. Полиция көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Тақырыпқа орай: Петропавлда такси жүргізушісі Қазақстаннан депортацияланды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар