Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысында ерекше балаларға ұдайы зорлық-зомбылық жасалғаны анықталды

kz.kursiv.media

Абай облысында ерекше балаларға ұдайы зорлық-зомбылық жасалғаны анықталды

Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға 100-ден аса зорлық-зомбылық жасалғаны анықтады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл жайт Абай облысының прокуратурасының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын тексеру кезінде белгілі болды.

«Аягөз ауданының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын тексеру барысында санитарлар тарапынан тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен 100-ден астам факті анықталды», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттер көз алдында жасалған, бірақ олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбаған мекеменің кейбір қызметкерлерінің әрекетсіздігі әшкереленді.

Аталған факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауы шектелді.

Айта кететін жайт, Алматы қаласында 200 ерекше бала мектепсіз қалуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар