Ресейдің жолаушылар ұшағы Көкшетау маңында апат дабылын берді
Ресейдің S7 Airlines әуе компаниясына тиесілі, Новосібірден Махачқалаға бағыт алған ұшағы Қазақстан аумағында ұшып бара жатқанда апаттық дабыл сигналын берді. Техникалық ақауға байланысты экипаж ұшақты Ресейдің Омбы қаласындағы қосалқы әуежайға бағыттаған, деп жазады Kursiv.Media.
Boeing 737-800 ұшағы Қазақстан әуе кеңістігінде болған кезде транспондері арқылы 7700 кодын жіберген. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі Көкшетау маңында бағытын өзгертіп, Ресейге қарай бұрылған.
Ұшақ Астана уақытымен шамамен 12:15-те Қазақстанның әуе кеңістігіне кірген. 12:30 шамасында апаттық сигнал беріп, 12:45-ке қарай Қазақстан аумағынан шыққан. Сағат 13:08-де Омбы әуежайына сәтті қонған.
S7 Airlines әуе компаниясы бағыттың өзгеруіне техникалық ақау себеп болғанын хабарлады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Оқи отырыңыз: «Ұшқыштар төбелесіп қалған». Дубайдан Израильге ұшқан ұшақ шұғыл қонды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қазан 2026