Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Egov қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды

kz.kursiv.media

Egov қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды

eGov Mobile мобильді қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа сервис пайда болды, деп хабарлайды Kursiv.Media Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір мемлекеттік көмектерді отбасының нақты жағдайы мен мұқтаждығына қарай көрсету тәртібіне көшу аясында іске қосылды.

Калькулятор арқылы азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау талаптарымен танысып, отбасының саламаттылық деңгейін анықтай алады.

Бұл ретте отбасының табысы мен мүлкі ғана емес, отбасы құрамы, балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы сияқты әлеуметтік жағдайлар да ескеріледі. Бағалау алты бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткішке сүйенеді.

Айта кетерлігі, есеп адамның өзі енгізген мәліметтер негізінде жүргізіледі және тек ақпараттық сипатқа ие. Яғни калькулятордың нәтижесі әлеуметтік төлем тағайындау немесе оны тоқтату туралы шешім болып саналмайды.

Еске салсақ, Қазақстан әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа үлгісіне көшіп жатыр. Оған сәйкес, мемлекеттік көмек тек шынымен мұқтаж отбасыларға беріледі. Бұл жүйе 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық іске қосылады деп жоспарланған.

Елдегі әрбір отбасы «Отбасының цифрлық картасы» арқылы 5 санаттың біріне жатқызылады:

Егер азаматтар Отбасының цифрлық картасында өзіне берілген санатпен келіспесе, өздері мен отбасы мүшелері туралы мәліметтерді қайта тексеріп шығуға кеңес беріледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар