Дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарында алтын алды
Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол ел қоржынына үшінші алтын медальді салды, деп хабарлайды Kursiv Media.
19 қазанда Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Ибрагим Нұрмаханұлы J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшы финалда Өзбекстан өкілі Кемран Нуриллаевпен кездесіп, қарсыласын жеңді. Осылайша Ибрагим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарының алтын жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны үшке жетті. Бұған дейін Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетіп, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартқан болатын.
Ал Қазақстанға алғашқы алтынды Еркін Ғаббасов сыйлады. Ол пара нысана көздеуден 10 метр қашықтықта пневматикалық мылтықпен ату сайысында (R1) 249,1 ұпай жинап, жарыс рекордын орнатты.
Сонымен қатар Тұрсынай Қабыл пара пауэрлифтингтен 41 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қазан 2026