Қатонқарағайда қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды
ШҚО-ның Қатонқарағай ұлттық паркінде қар барысына алғаш рет спутниктік қарғыбау тағылды, деп хабарлайды Kursiv.media.
YK-news.kz хабарлауынша, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарды бақылап, зерттеуге мүмкіндік береді.
«Оңтүстік Алтайда мұндай жұмыс алғаш рет жүргізілді. Қар барысына Алтай деген ат берілді», — деп хабарлады ұлттық парк өкілдері.
Мамандар спутниктік қарғыбаудың көмегімен барыстың қозғалысын бақылап, жүріп өтетін бағыттары мен мекендейтін аумақтарын анықтайды. Бұл деректер қар барысын зерттеуге және оны қорғау шараларын жоспарлауға қажет.
Айта кететін жайт, «Алтын Емел» ұлттық паркінде ғылыми-далалық зерттеулер кезінде қар барыстары бірнеше рет фототұзаққа түсіп қалған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қазан 2026