Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Францияда 500 мыңнан астам адам шеруге шықты: үкімет шұғыл жиын өткізді

kz.kursiv.media

Францияда 500 мыңнан астам адам шеруге шықты: үкімет шұғыл жиын өткізді

17 қазанда Францияда кезекті бұқаралық наразылық акциялары өтті. Билік өкілдерінің мәліметінше, көшеге 550 мың адам шыққан, оның 1200-і тәртіп бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

DW агенттігінің мәліметінше, тұрмыс құнының қымбаттауына байланысты соңғы бірнеше аптадан бері толастамай жатқан шерулердің кезекті толқынына сенбі, 17 қазанда өтті. Оған 550 мыңға жуық адам қатысты.

Елдің Ішкі істер министрі Лоран Нуньестің хабарлауынша, олардың 110 мыңы Париж көшелеріне шыққан. Ал Францияның ең ірі кәсіподағы әрі шеруді ұйымдастырушылардың бірі «Жалпы еңбек конфедерациясының» (CGT) мәліметінше, қатысушылар саны 800 мыңға жуықтаған.

Шерулер елдің бірнеше ірі қаласында қатар өтті. Парижбен қатар, Биліктің ішкі саясатына келіспеушілікті Лион, Марсель, Тулуза, Лилль, Страсбург, Лимож, Бордо және Гренобль тұрғындары да білдірді. Бірқатар қалаларда акциялар тонау, өртеу және мүлікті бүлдіру әрекеттерімен ұласты.

Франция Премьер-министрі Себастьен Лекорню сенбі күні кешке бүкіл ел бойынша 1 200 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, шерушілермен қақтығыста 150 полиция қызметкері жарақат алған.

Париж, Лион және Страсбургте құқық қорғаушылар шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Сонымен қатар Парижден қару және басқа да тыйым салынған заттар табылған 100-ге жуық адам ұсталды. Марсельде шерушілер қалалық әкімдік ғимаратына басып кіріп, бірнеше дүкенді талқандаған және полиция учаскесіне бұзып кіруге тырысқан.

Шеруге қатысушылардың саны билік күткен мөлшерден әлдеқайда асып түсті. Олардың болжамынша, 17 қазанда Париж көшелеріне шамамен 40 мың адам шығуы керек еді, ал елдің өзге өңірлерінде жалпы саны 150 мың төңірегінде болады деп есептелген.

«Біздің республикада зорлық-зомбылыққа орын жоқ. Тәртіпсіздік ұйымдастырғандар, префектуралар мен дүкендерге шабуыл жасап, тіпті мэрияларымызды тонағандар жауапқа тартылып, жазаланады», – деп атап өтті Макрон X парақшасында.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, тұрмыс құнының қымбаттауы Бельгия, Португалия және Италиядағы сенбілік шерулерге де түрткі болды. Брюссельдегі акцияларға бірнеше жүз адам қатысып, құқық қорғаушылармен қақтығыс орын алды. Наразылықтар бірнеше күнге созылған Лиссабон көшелеріне 17 қазанда ондаған мың адам шықты.

Италияның Милан қаласында акциялар тәртіпсіздікке ұласып, полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Болоньядағы демонстрацияларда құқық қорғау қызметкерлері су атқыштарды пайдаланып, жеті адамды ұстады.

Бұдан бөлек, 17 қазанда Албанияда соңғы бір айдағы кезекті шеру өтті. Оған қатысушылар үкіметтегі сыбайлас жемқорлықты, жұмыс орындарының қысқаруын және білім беру сапасының төмендігін сынға алды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар