Еуразиялық одақтағы өнеркәсіп өсімі бойынша Қырғызстан төрт елді басып озды
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭС) кіретін бес елдің арасында Қырғызстанның өнеркәсіп өндірісі қарқынды дамып келеді. Еуразиялық экономикалық кеңес дерегіне сәйкес, 2026 жылдың 8 айында қырғыздардың өнеркәсібі бірден 8,8 пайызға өскен.
Ал Ресей өнеркәсібінде тоқырау орын алып, 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда, мүлдем өспеген.
Соның салдарынан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭС) мүше елдердің жалпы өнеркәсіптік көрсеткіші өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бар-жоғы 0,3%-ға өскен.
Ал Қырғызстаннан кейін Армения келеді, бұл елдегі өнеркәсін жыл басынан бері 7,4% өскен.
Ал Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,8% өссе, Беларусь еліндегі өсім динамикасы 0,2%-ды құрады.
Биыл Қазақстан ЕАЭО елдері арасында халықтың нақты жалақысы ең қатты төмендеген мемлекет атанды. одақтастарда сатып алу қабілеті артып жатқанда, елімізде көрсеткіш бірден 2,3%-ға құлдыраған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қазан 2026