Жұмыссыздық жәрдемақысы 3 ай ғана төленеді: ең жоғары шегі - 268 мың теңге
2027 жылдың 1 қаңтарынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақы үш ай ғана төленеді. Бұған дейін жұмыссыз қалған азаматтың еңбек өтілін ескере отырып, 6 ай төленетін еді. Сонымен қатар, жәрдемақының шекті мөлшері бекітілмек, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ресми жұмыс істеген, әлеуметтік жарна аударып келген қызметкер жұмыстан шығып қалған кезде, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан» әлеуметтік төлем алуға құқылы.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, осы жәрдемақының ең жоғары шегі ең төменгі айлықтың жеті еселенген мөлшерінің 45 пайызынан аспайды.
Яғни 2027 жылғы республикалық бюджет жобасына сәйкес, келер жылы елдегі ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз – 85 мың теңге көлемінде қалмақ.
Осы 85 мың теңгені жеті еселеп, оның 45 пайызын анықтасақ (85000*7=59500%*45=267750), 268 мың теңгедей шығады.
Келер жылдан ресми жұмыс істеп, жылдар бойы әлеуметтік сақтандыру қорына үзбей жарна төлеп жүрген азаматтар жалақысы 595 мың теңгеде асса да, үш ай 595 мың теңгенің 45 пайызын ала алады.
«Әр азаматқа төленетін нақты сома әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысы мен сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай есептеледі», – делінген хабарламада.
Жұмысынан шығып қалған адам алдымен тұрғылықты жердегі Мансап орталығына барып немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы және Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы өтініш береді.
Мансап орталығы кәсіби дағдыларына сәйкес жұмыс ұсынады. Жұмыс табылмаса, жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік көмек тағайындалады.
Айта кетейік, бұл өзгеріс 2026 жылдың 1 қазаныннан пилоттық режимде енгізілген еді. 2027 жылдан заңмен бекітілмек. Биыл еңбек нарығында елеулі өзгеріс орын алып, жалдамалы қызметкерлер азайып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көбейген.
- Соңғы
- Қазан, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қазан 2026