Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысы Жавохир Синдаровқа тұрмысқа шықпақшы

kz.kursiv.media

Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысы Жавохир Синдаровқа тұрмысқа шықпақшы

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаровқа тұрмысқа шығады. Оның атасы Комил Синдаров өзбек журналисіне берген сұхбатында бұл жаңалықты растады деп жазады Kursiv Media.

Комил Синдаровтың айтуынша, Жавохирдің болашақ жарының шахмат әлемін түсінуі маңызды.

«Той болады, біздің бұл тойдан күтеріміз көп. Егер Жавохирді шахматты түсінбейтін басқа қызға үйлендірсек, қиындық тууы мүмкін. Ол жылына 12 айдың 11 айын шетелде, жарыстарда өткізеді. Сондықтан онымен бірге сапарға шығуға дайын болу керек», – дейді ол.

Синдаровтың пікірінше, Бибісараның Қазақстаннан болуы екі ел арасындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді. Комил Синдаров Әмір Темірдің де өз балалары мен немерелеріне басқа мемлекеттерден қалыңдық іздеп, елдер арасындағы достықты күшейтуге ұмтылғанын еске алды. Әрі екі танымал шахматшының отбасын құруынан үлкен үміт күтетінін жасырмады.

«Екі әлем чемпионы, екі алып гроссмейстерден болашақта ұлы ұрпақ дүниеге келеді деп үміттенемін», – деді Комил Синдаров.

Жавохирдің атасының сөзінше, егер болашақта Бибісара Ташкентке көшіп барса, бұл Өзбекстандағы шахматтың дамуына да серпін беруі мүмкін. Бірақ мұндай шешім ерлі-зайыптылардың жеке ісі екенін де ескерте кетті.

Әлемге танымал қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаровпен кездесіп жүргенін биыл ашық түрде жариялаған. Екеуінің достығы бес жыл бұрын басталған. Қазір Асаубаева да, Синдаров та әлемнің үздік шахматшыларының қатарында.

Тақырыпқа орай: Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров бір командада ойнайды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар