Ақтөбе-Ордабасы матчындағы плакат үшін жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды
Ақтөбе полициясы «Ақтөбе» және «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчында жағымсыз мазмұндағы плакат ұстап тұрған кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Оқиға 17 қазанда Ақтөбедегі Орталық стадионда өткен ойында болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда екі қыздың балағат сөздер жазылған әрі Өзбекстан туы бейнеленген плакатты ұстап тұрғаны көрінеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдердің жеке басы анықталып, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-аналар бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Айта кетейік, бұл оқиға әлеуметтік желіде үлкен талқылау тудырған. Шымкенттік адвокат Аянхан Омаров жанкүйерлердің бұл әрекетіне құқықтық баға беруді өтініп, Бас прокуратураға шағымданған. Оның пікірінше, бұл жағдай араздықты қоздыру (ҚР ҚК 174-бабы) бабына сәйкес келуі мүмкін. Сонымен қатар, өзбекстандық блогер Фатхулла Хайруллаев та жанкүйерлердің әрекетін айыптап, Қазақстан Футбол федерациясын оқиғаға қатысты баға беруге шақырған.
Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)
17 қазанда өткен ойында «Ордабасы» 1:3 есебімен басым түскен. 24 қазанда шымкенттік команда астаналық «Жеңіспен» жолықса, ақтөбелік клуб 25 қазанда алматылық «Қайратпен» кездеседі.
- Соңғы
- Қазан, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қазан 2026