Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан семсерлесуден әлем кубогында Ресейді жеңіп, алтын медаль алды

kz.kursiv.media

Қазақстан семсерлесуден әлем кубогында Ресейді жеңіп, алтын медаль алды

Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Финалда қазақстандық спортшылар Ресей құрамасын жеңіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Шпага бойынша командалық сайыстың шешуші кездесуінде Қазақстан құрамасы Ресей спортшыларынан 45:40 есебімен басым түсті.

Қазақстандық семсерлесушілер финалға дейін де бірнеше мықты қарсыласын жеңді. Атап айтқанда, ширек финалда Мысыр құрамасын жарыс жолынан шығарса, жартылай финалда Францияны тізе бүктірді.

Сондай-ақ турнир барысында Қазақстан құрамасы Түркия мен Гонконг командаларын жеңіп, финалға дейін жетті.

Әлем кубогында ел намысын Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов қорғады.

Айта кетейік, қазақстандық семсерлесушілер биыл халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ерлер құрамасы Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар