ҰҚК елде қылмыстық топ құрған 13 қытайлықты ұстады
Бір топ Қытай азаматы Қазақстан аумағында қылмыстық топ құрып, алаяқтық жасаған. ҰҚК заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізіп, 13 азаматты ұстады деп жазады Kursiv Media.
Шетелдік Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырған. Олардан компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.
Қылмыстық топтың әрекеті басқа елдердің азаматтарына қарсы бағытталған. Тергеу дерегінше, олардың әрекеттері шетелден үйлестіріліп отырған.
ҰҚК бұл операциясы Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен бірлесіп жүргізген. Нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі өз елінде осындай әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды.
2026 жылғы 16 қазанда шетел азаматтары Қазақстаннан әкімшілік тәртіппен шығарылып, әрі қарай тергеу жүргізу үшін Қытайдың тиісті органдарына тапсырылды.
Тақырыпқа орай: Жыл басынан бері 358 шетелдік жалған құжатпен Қазақстанға өтпек болған
- Соңғы
- Қазан, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қазан 2026