Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сәбилі келіншекті көлікпен қағып кетті: жүргізуші әлі табылған жоқ

kz.kursiv.media

Сәбилі келіншекті көлікпен қағып кетті: жүргізуші әлі табылған жоқ

Қызылордада жол апатына түсіп, бес айлық сәбиінен айырылған келіншек есін жиды, бірақ жағдайы әлі де ауыр. Ал апатқа себепкер деген жүргізушіні әлі іздестіріп жатыр деп жазады Kursiv Media.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, апаттан кейін бір апта уақыт өтсе де 26 жастағы әйелдің жағдайы оңалған жоқ.

«Жарақатына байланысты науқастың жағдайы әлі де ауыр. Ол өздігінен тыныс алады, қан айналымының көрсеткіштері тұрақты. Алайда энцефалопатия белгілері сақталған. Науқасқа қарқынды ем жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство Tengrinews тілшісіне.

Әйел басынан ауыр жарақат алған, қабырғасы, бұғана сүйегі мен жамбас сүйектері сынған, сондай-ақ өкпесі зақымданған. Үшінші дәрежелі жарақаттық шок алғаны да бар.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан кейін қалалық ауруханалардың біріне бес айлық сәби де жеткізілген.

«Бес айлық баланы жедел жәрдем бригадасы 13 қазанда сағат 17:33-те көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Қабылдау бөлімінің «қызыл аймағында» дәл сол уақытта шұғыл реанимациялық шаралар толық көлемде басталды. Бала өмірмен үйлеспейтін ауыр жарақаттар алған. Көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан, сағат 19:05-те биологиялық өлім тіркелді», – деп хабарлады ведомство.

13 қазанда Қызылордада көлік рөлінде отырған ер адам жол жиегінде кетіп бара жатқан сәбилі келіншекті қағып кеткен еді. Бірақ кері бұрылмастан, оқиға орнынан ізін суытады. Жас әйелдің бес айлық ұлы шетінеді, өзі ауруханаға түсті.

Бұған дейін Kursiv Media жәбірленушінің туыстарымен сөйлескен еді. Олар күдіктінің әлі табылмағанына наразы болып отыр. Полиция осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Бірақ апаттан кейін жеті күн өтсе де күдіктінің қайда екені белгісіз.

Оқи отырыңыз: «Көлік тола сыра»: сәбилі келіншекті қағып, қашып кеткен жүргізуші жайлы не белгілі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар