Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

104 секундта алтын: қазақстандық пара дзюдошы Азия ойындарында топ жарды

kz.kursiv.media

104 секундта алтын: қазақстандық пара дзюдошы Азия ойындарында топ жарды

Қазақстандық пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысын иппон әдісімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Kursiv Media.

20 қазанда Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медальға қол жеткізді.

Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы алғашқы кезеңде Иран өкілі Реза Голамиді жеңді. Жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Отабек Ирисбековпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Бексұлтан Құлмырза Оңтүстік Корея өкілі Ким Донхунмен кездесті.

Қазақстандық дзюдошы қарсыласын 1 минут 44 секундта иппон әдісімен жеңіп, Азия Пара ойындарының алтын медалін иеленді.

Осылайша, Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күні, 19 қазанда, 14 медаль жеңіп алған болатын. Оның үшеуі алтын, бесеуі күміс және алтауы қола медаль еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар