Forbes тізіміндегі миллионерлер көмір компаниясынан дивиденд алмайды
«Қаражыра» компаниясы акционерлеріне дивиденд төлемейді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, «Қаражыра» компаниясының акционерлері жиналыс өткізіп, компанияның 2025 жылғы қаржы есебін бекітті.
Сонымен қатар былтырғы табыстан қарапайым акцияларға дивиденд төлемеу туралы шешім шығарды.
Огай әулеті мен Владимир Жұманбаевқа тиесілі «Қаражыра» көмір компаниясының таза пайдасы былтыр екі есе азайған. 2025 жылғы қаржы қорытындысына сәйкес, таза пайдасы 3,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2024 жылғы 7,4 млрд теңгемен салыстырғанда шамамен 47%-ға аз.
Компанияның акционерлік капиталы 1 миллион жай акциядан тұрады және 5 жеке тұлғаның арасында бөлінген. Олар: Владислав Огай (25%), Элина Огай (25%), Эдуард Огай (20%), Владимир Жұманбаев (20%) және Ерлан Нығматулин (10%).
«Қаражыра» кенішінен өндірілетін Д маркалы тас көмірге сұраныс жоғары. Өндірілген көмірдің негізгі бөлігі (85–90%-ы) ішкі нарыққа: ЖЭО-лар, коммуналдық сектор және зауыттарға сатылады. Ал қалған 1 млн тоннаға жуығы Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты жақын шетелдерге экспортталады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 19
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қазан 2026