Ақтөбеде хром зауыт жұмысшылары наразылыққа шықты
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жүздеген жұмысшылары наразылыққа шығып, жалақы көтеруді талап етіп отыр. Жұмысшылардың талабын айтқан видеолар Holanews арнасында жарияланған деп жазады Kursiv Media.
Жұмысшылардың сөзінше, өндіріс жоспарлары артып жатыр, бірақ жалақы сол күйінде қалып қойған. Көпшілігі айына 380-400 мың теңге, ал балқытушылар 500-600 мың теңге жалақы алады. Қымбатшылық, азық-түлік қымбаттап жатыр, ал айлық өзгеріссіз тұрғанына наразы болып отыр.
«Үш жыл бір жалақы. Азық-түлік қымбаттап жатыр. Балаларымызға сапалы азық-түлік керек, біз сол үшін осында келіп тұрмыз», – дейді қызметкерлердің бірі.
Наразылық білдірген жұмысшылардың алдына «Қазхром» ТҰК бас директоры Ержан Абдулабеков шықты. Ол кокс пен электр энергиясының құны өсіп жатқанын, ал кәсіпорын өнімінің бағасы өзгермегенін түсіндірді.
Абдулабековтың айтуынша, компаниядағы мемлекеттің үлесі 40% болғандықтан, жалақыны көтеру мәселесін келісу қажет.
Бас директор жаңа жылдан кейін қызметкерлердің жалақысын көтеруге уәде берді. Жалақының қаншаға өсетіні жыл соңындағы кәсіпорын жұмысының қорытындысы бойынша анықталады.
Тақырыпқа орай: Итпен тінту жүргізген: Жамбылда фосфор зауытының жұмысшылары наразылыққа шықты
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 19
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қазан 2026