Таразда жолаушы ұшудан бас тартқан соң ұшақ тексерілді
Тараздан Астанаға бағыт алған ұшақ жолаушылардың бірі ұшудан бас тартқаннан кейін тексерілді.
Көліктегі полиция департаменті хабарлауынша, оқиға 18 қазанда болған. Тараз – Астана рейсіне отырғызу кезінде жолаушылардың бірі бортсерікке отбасылық жағдайларға байланысты ұшудан бас тартатынын айтқан.
«Осыған байланысты жолаушы мен оның жүгін рейстен түсірудің белгіленген рәсімі жүргізілді. Тексеру барысында жолаушы отырған орынның маңынан тыйым салынған заттар мен заттектер анықталған жоқ», – деп хабарлады полиция.
Орын алған жағдайға байланысты әуе компания өкілдері мен жолаушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.
Тараздан Астанаға бағыт алған ұшақ жолаушылардың бірі ұшудан бас тартқаннан кейін тексерілді. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 18 қазанда болған. Тараз – Астана рейсіне отырғызу кезінде жолаушылардың бірі бортсерікке отбасылық жағдайларға байланысты ұшудан бас тартатынын айтқан.
«Осыған байланысты жолаушы мен оның жүгін рейстен түсірудің белгіленген рәсімі жүргізілді. Тексеру барысында жолаушы отырған орынның маңынан тыйым салынған заттар мен заттектер анықталған жоқ», – деп хабарлады полиция.
Орын алған жағдайға байланысты әуе компания өкілдері мен жолаушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Қазан, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қазан 2026