Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда қандай скринингтерден өтуге мемлекеттік кепілдік бар

kz.kursiv.media

Қазақстанда қандай скринингтерден өтуге мемлекеттік кепілдік бар

Қазақстанда негізгі скринингтік тексерулер мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерінің есебінен жүргізіледі, деп хабарлайды Kursiv.media.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына қарағанда, бұл азаматтардың МӘМС мәртебесіне байланысты емес.

Скрининг – ауруларды ерте анықтауға арналған профилактикалық тексеру.Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі обырын, жатыр мойны обырын, колоректалдық обырды, В және С вирустық гепатиттерін, сондай-ақ белгіленген өлшемшарттарға сәйкес басқа да ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер жүргізіледі.

Жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін және глаукоманы анықтауға арналған скринингтен 40–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет өтеді.

Сүт безі обырын ерте анықтау үшін 40–76 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет маммографиядан өтеді.

Жатыр мойны обырына арналған скрининг 30–74 жас аралығындағы әйелдерге жүргізіледі. Тексеруден төрт жылда бір рет өту қажет.

Колоректалдық обырға арналған скринингтен 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет өтеді.

«Тіркелген емханаңызға хабарласып, биыл қандай скринингтік тексерулерден өтуге құқылы екеніңізді нақтылаңыз. Медицина қызметкерлері тексеруден өту тәртібін түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерге жолдама береді», – делінген ақпаратта.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінің эпидемиологиялық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар