Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда 15 минутта бірнеше рет ереже бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

kz.kursiv.media

Оралда 15 минутта бірнеше рет ереже бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Оралда 15 минут ішінде жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Polisia.kz хабарлауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында BMW көлігінің жүргізушісінің жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасағаны түсірілген бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарына іліккен.

«Бейнежазбадан жүргізушінің автокөліктерді қатарынан басып озып, бірін сол жағынан, екіншісін оң жағынан айналып өтіп, жоғары жылдамдықпен қозғалғанын көруге болады. Тексеру нәтижесінде автокөлік анықталып, жүргізушінің кім екені белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты», – делінген ақпаратта.

Жүргізуші заң аясында жауапқа тартылды. Сондай-ақ профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында көліктер жүйіткіген жолда сальто жасаған жігіт ұсталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар