Сәбилі келіншекті қағып кеткен күдікті туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды
Қызылордадағы заң компаниясы адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына күдікті азаматтың орналасқан жерін анықтауға көмектесетін ақпарат үшін 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Компания полицияға іздеуде жүрген азаматтың жүрген жерін анықтауға көмектесетін тұлғаға 500 мың теңге көлемінде сыйақы берілетінін хабарлайды. Бұл бастама құқық қорғау органдарының іздестіру жұмыстарына қолдау көрсетуге бағытталған», – делінген компания хабарламасында.
Сыйақыны алу үшін күдіктіні табуға тікелей септігін тигізетін шынайы әрі нақты ақпарат ұсыну қажет. Жарияланған шарттарға сәйкес, ақшалай премия құқық қорғау органдары алынған мәліметтің нәтижелілігін растағаннан кейін төленеді.
Қандай да бір маңызды ақпараты бар азаматтарды 102 нөміріне хабарласу сұрады.
Айта кетейік, 13 қазанда Қызылордада көлік рөлінде отырған ер адам жол жиегінде кетіп бара жатқан сәбилі келіншекті қағып кеткен еді. Бірақ кері бұрылмастан, оқиға орнынан ізін суытады. Жас әйелдің бес айлық ұлы шетінеді, өзі ауруханаға түсті.
Бұған дейін Kursiv Media жәбірленушінің туыстарымен сөйлескен еді. Олар күдіктінің әлі табылмағанына наразы болып отыр. Полиция осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Бірақ апаттан кейін жеті күн өтсе де күдіктінің қайда екені белгісіз.
- Соңғы
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026