Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жанармай мен дизельге салынатын қосымша акциз қымбаттамайды

kz.kursiv.media

Жанармай мен дизельге салынатын қосымша акциз қымбаттамайды

Қазақстанда бензин, дизель отыны және басқа да мұнай өнімдеріне салынатын қосымша акциз көтерілмейтін болды. Акциз 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданылған көлемде қалмақ.

Үкімет бұл бағыттағы акциз мөлшерлемелерін қайта қарап бұрынғы тәртіпке оралуды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасын Ұлттық экономика министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Басты жаңалық – мұнай өнімдерінің көтерме бағасы көтерілген кезде қолданылатын құбылмалы қосымша акциз үлесі 95 пайыздан 50 пайызға қайта төмендейді.

Бұған дейін үкімет бензин мен дизель отынына салынатын акцизді есептеу тәртібін өзгертпек болған. Үкіметтің 11 қыркүйектегі №816 қаулысына сәйкес, белгіленген шектен жоғары көтерме бағадан қосымша акциз есептегенде қолданылатын коэффициент 95% дейін көтерілуге тиіс еді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50% болған.

Бензин үшін есептеуге негіз болатын көтерме баға шегі — тоннасына 214 584 теңге, дизель үшін — 284 350 теңге. Яғни 95% барлық жанармай бағасына салынатын акциз мөлшерлемесі емес: жаңа коэффициент баға осы шектен асқан жағдайда формула ішінде қолданылады

Алайда бұл нарық өкілдерінің үлкен қарсылығын тудырған. Салдарынан кәсіпкерлер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұжымдық үндеу жолдаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар