Азия Пара ойындары: Ислам Сәлімов ұзындыққа секіруден күміс алды
Қазақстандық пара жеңіл атлет Ислам Сәлімов Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс жүлдегер атанды. Ол ұзындыққа секіруден 6,30 метр нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді, деп хабарлайды Kursiv Media.
21 қазанда Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.
Қазақстандық спортшы T13 санатында ұзындыққа секіруден сынға түсіп, 6,30 метр нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.
Бұл сайыста алтын медаль Жапония өкіліне бұйырды. Ол 6,93 метрге секіріп, бірінші орынға ие болды. Ал Өзбекстан спортшысы 6,24 метр нәтижемен үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, қазақстандық пара жеңіл атлет Азия Пара ойындарында жүлделі орыннан көрінді.
Айта кетейік, V Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында Жапонияда өтіп жатыр. Қазақстан атынан жарысқа спорттың 12 түрінен 152 спортшы қатысып жатыр.
- Соңғы
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026