Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Рақышев Shoqan мектебіндегі 91% үлесті Әсел Тасмағамбетоваға сатты

kz.kursiv.media

Рақышев Shoqan мектебіндегі 91% үлесті Әсел Тасмағамбетоваға сатты

Кәсіпкер Кеңес Рақышевке тиесілі Fincraft Group компаниясы «Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің» (Shoqan School) акционерлері қатарынан шықты. Бұл туралы қаржы есептілі депозитариіндегі хабарламада жазылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Рақышев бұған дейін Fincraft Group компаниясы арқылы оқу ордасының 91 пайыз үлесін иеленетін. Енді осы акцияларды мектептің бас директоры Әсел Тасмағамбетоваға сатты.

«Серіктестік қатысушыларының құрамынан «Fincraft Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін шығару және Серіктестіктің жарғылық капиталындағы 91% үлесін азаматша Тасмағамбетова Әсел Имангалиевнаға сатуына байланысты азаматша Тасмағамбетова Әсел Имангалиевнаны Серіктестік қатысушыларының құрамына енгізу», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Тасмағамбетованың бас директор ретіндегі өкілеттілігі тағы 5 жылға ұзарған.

Аталмыш жеке мектеп 2020 жылы ашылған. 2025 жылы Рақышев Shoqan мектебіндегі тікелей өзіне тиесілі болған 9 пайыз үлесті жұбайы Әсел Тасмағамбетоваға сыйға тартқан.

Қалған 91 пайыз үлесті иеленіп келген Fincraft Group компаниясың жалғыз құрылтайшысы – Рақышев. Ол 402 млн доллар байлығымен Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер арасында 27-орында тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар