Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Франциядағы тәртіпсіздіктердің шығыны 1,2 млрд еуроға жетуі мүмкін

kz.kursiv.media

Франциядағы тәртіпсіздіктердің шығыны 1,2 млрд еуроға жетуі мүмкін

Демалыс күндері Францияда болған тәртіпсіздіктерден кейінгі сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша ел тарихындағы ең ірі оқиғалардың біріне айналмақ, деп жазады Kursiv.Media.

Қаржы сарапшыларының бағалауынша, сақтандырылған шығындар 1,2 млрд еуроға дейін жетуі мүмкін. Financial Times басылымы сауалнама жүргізген брокерлер де шығын көлемі 1 млрд еуродан асатынын жоққа шығармайды. Бұл залал сақтандырушыларға шамамен 700–800 млн еуроға түскен және бір аптадан астам уақытқа созылған 2023 жылдың жазындағы тәртіпсіздіктер салдарынан да асып түсті.

«Бұқаралық тәртіпсіздіктер табиғи апаттарға ұқсап барады», – деді Morningstar сарапшысы Маркос Альварес.

Оның айтуынша, жүздеген миллион еуро шығын әкелетін мұндай ауқымдағы оқиғалар енді жыл сайын қайталануы мүмкін. Қысқа мерзімдегі зорлық-зомбылықтың жоғары қарқындылығы мен кең таралуы, сондай-ақ, инфляция шығындардың 2023 жылға қарағанда тезірек өсуіне алып келді.

Францияның Сауда министрі Серж Папеннің алдын ала бағалауы бойынша, бүкіл ел бойынша кемінде үш мың кәсіпорын зардап шеккен. Бастапқыда бейбіт сипатта басталған наразылықтар Париж, Марсель, Лимож және басқа да қалаларда тонау, бұзақылық және өртеу оқиғаларына ұласты. Тек сенбі күнінің өзінде 2400-ге жуық адам тұтқындалғаны тіркелді.

Франция билігі Caisse Centrale de Réassurance мемлекеттік қайта сақтандырушысының қатысуымен және мемлекеттің 4 млрд еуроға дейінгі кепілдігімен тәртіпсіздіктерден сақтандырудың міндетті мемлекеттік схемасын дайындап жатыр. Дегенмен, механизм әлі күшіне енген жоқ (Еурокомиссияның мақұлдауы қажет), сондықтан қазіргі шығындар жеке сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың мойнына жүктеледі.

17 қазанда Францияның бірнеше қаласында қымбатшылыққа қарсы жаппай наразылық өтті. Оған шамамен 500 мыңнан 800 мыңға дейін адам қатысқан. Кейбір қалаларда шерулер тәртіпсіздікке ұласты. Парижде тәртіп бұзушылар көліктерді бүлдіріп, ондаған дүкенге зиян келтірді. Марсельде олар қала әкімдігінің ғимаратына басып кірсе, Лионда қалалық туристік ақпарат орталығын өртеді. Франция бойынша полиция 2 мыңнан астам адамды ұстады.

Бастапқыда елдегі наразылық Франциядағы оқушылардың шеруінен басталған. Жасөспірімдер мектепке мұғалімдер жетіспейтініне, материалдық-техникалық жабдықтау нашар болғанына наразылық білдірген. Кейін бұл қозғалысқа студенттер де қосылды.

Наразылық акциясы кезінде елде 400-ге жуық мектеп жабылды. ІІМ 5000 адам ұсталғанын хабарлады, оның басым көпшілігі – кәмелетке толмағандар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар