Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бала кезінде Марадонамен доп тепкен Әли Тұрғанбеков Азия Пара ойындарында күміс алды

kz.kursiv.media

Бала кезінде Марадонамен доп тепкен Әли Тұрғанбеков Азия Пара ойындарында күміс алды

Қазақстандық пара жүзуші Әли Тұрғанбеков Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бала кезінде әлемдік футбол жұлдыздарымен кездесіп, көпшілікке танылған спортшы енді жүзуден халықаралық додада жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

21 қазанда Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Әли Тұрғанбеков SB4 класында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға қатысты. Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 44,26 секундта жүзіп өтіп, екінші орын иеленді.

Алтын медаль Малайзия өкіліне бұйырды. Ол 1 минут 41,44 секундта жүзіп өтіп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Бір қызығы, Әли Тұрғанбеков іріктеу кезеңінде Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, финалға ең үздік нәтижемен шыққан болатын. Алайда шешуші жарыста малайзиялық қарсыласы одан жылдам болып шықты.

Әли Тұрғанбековтің туа бітті екі аяғы жоқ. Соған қарамастан, ол бала кезінен спортқа ерекше қызығушылық танытып, алдымен футбол арқылы көпшілікке танылды.

Әли кішкентай кезінде әлемдік футбол жұлдыздарымен кездесуді армандаған. Кейін бұл арманы орындалып, ол аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона, Лионель Месси, португалиялық Криштиану Роналду және мысырлық Мохамед Салахпен кездесіп, футбол ойнау мүмкіндігіне ие болды.

Әлемдік футбол жұлдыздарымен түскен суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қазақстандық баланың қайсарлығы көпшілікті тәнті еткен еді.

Енді Әли Тұрғанбеков өзін пара жүзуде де дәлелдеп отыр. Ол Жапонияда өткен V Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алып, спорттық мансабындағы маңызды жетістіктерінің біріне қол жеткізді.

A post shared by KAZAKHSTAN PARALYMPIC TEAM 🇰🇿 (@kazparalympics)

Айта кетейік, бұған дейін Пара Азияда ойындарында пара дзюдошылар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар