Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларға жеткізілмек
Қаржы министрі Мәди Такиев құрылтайда өткен брифингте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін арттыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Министрдің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 4,7 млрд долларға жеткен.
Ал биылғы тоғыз айда бұл көрсеткіш 3,7 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға өскен.
«Біздің Өзбекстанмен тауар айналымымыз белсенді дамып келеді. Алдағы уақытта оны 10 млрд долларға жеткізу міндеті тұр», – деді Мәди Такиев.
Министр бұл мақсатқа қол жеткізу үшін кедендік келісімге қол қойылғанын атап өтті.
Аталған келісім екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және тауар айналымын арттыруға бағытталған.
- Соңғы
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026