Қазақстан пара дзюдодан Азия Пара ойындарында командалық есепте бірінші орын алды
Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ұлттық құрама спортшылары бес алтын, бір күміс және жеті қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv Media.
Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан құрлықтық додада қазақстандық пара дзюдошылар барлығы 13 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсетті.
Қазақстан қоржынына алғашқы алтындардың бірін J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ибрагим Нұрмаханұлы салды. Ол финалда Өзбекстан өкілін жеңіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.
Бексұлтан Құлмырза J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ал Жұрқамырза Шүкірбеков J2 санатында 95 келіден жоғары салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ол жартылай финалда да, финалда да Иран спортшыларынан басым түсті.
Қазақстан құрамасының тағы екі алтынын әйелдер жеңіп алды. Ақтолқын Сейілбекова J1 санатында 70 келіден жоғары салмақта төрт белдесудің барлығында жеңіске жетті. Зарина Раифова да J2 санатында 70 келіден жоғары салмақта төрт қарсыласын ұтып, чемпион атанды.
Ұлттық құраманың жалғыз күміс жүлдесін Жанбота Аманжол иеленді. Ол J2 санатында 95 келіге дейінгі салмақта екінші орын алды.
Ал қола медальдарды Альфия Тілекқабыл (J1, 52 келіге дейін), Даяна Федосова (J2, 60 келіге дейін), Ғалымжан Смағұлұлы (J2, 81 келіге дейін), Ермек Нұрқабаев (J2, 95 келіге дейін), Ерлан Өтепов (J1, 95 келіден жоғары), Бағланбек Оңалбек (J1, 95 келіден жоғары) және Аяла Мереке (J2, 70 келіге дейін) жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан пара дзюдодан бес алтын, бір күміс және жеті қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.
- Соңғы
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026