Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Май шығаратын зауыт топ-менеджерлері жарты миллиард теңгеге жуық сыйақы алған

kz.kursiv.media

Май шығаратын зауыт топ-менеджерлері жарты миллиард теңгеге жуық сыйақы алған

«3 желания», «Шедевр», «Алтын стандарт» және «Иртыш» маркалы майларды шағаратын зауыт топ-менеджерлері 2025 жылы жарты млрд теңгеге жуық сыйақы алған. Бұл туралы Kursiv.Media қаржы есептілігі депозитарийіндегі хабарлама сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, «Евразиан Фудс Корпорэйшн» акционерлік қоғамы 5 топ-менеджеріне былтыр 487,8 млн теңге сыйақы төлеген. Компания басшылық құрамына Григорий Плетников, Олег Бельфер, Екатерина Раздевич, Мәлік Құрманбаев, Марина Пак кіреді.

Бұрынғы «Алматы маргарин зауыты» негізінде құрылған «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ (ЕФК АҚ) тамақ өнеркәсібі саласында қызмет етеді. Компания өсімдік майы, майонез, соус, кетчуп және дәмдеуіштер өндіреді. Сонымен қатар маргарин, спред, тоң май, сары май, томат пастасы, зәйтүн майы мен ірімшік өнімдерін сатумен айналысады.

Кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Қытай, Әзірбайжан, Армения, Ресей және Қырғызстан нарығына өткізеді. 2025 жылғы таза пайдасы 8,8 млрд теңгені құраған.

Кәсіпорынның ірге тасы 1962 жылы мемлекеттік зауыт ретінде қаланған еді. Кейін 1994 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында мемлекеттің 90 пайыз үлесі бар ашық акционерлік қоғам болып қайта тіркелді.

Ал 1996 жылы мемлекеттік акциялар пакеті Швейцарияда тіркелген Nakosta AG компаниясына сатылды.

Акцияларды қосымша шығарғаннан кейін Nakosta AG кәсіпорынның 100 пайыз қарапайым акциясының иесі атанды. 2000-шы жылы бұл акциялар Швейцарияның Ursem Holding AG компаниясына сатылды. Содан бері Ursem Holding AG «ЕФК» АҚ-ның 100 пайыз қарапайым және 29,53 пайыз артықшылығы бар акцияларына иелік етеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар