Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

kz.kursiv.media

Тоқаев бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Кездесуде елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ прокуратура органдарының атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары пысықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бас прокурордың мәліметінше, жыл басынан бері криминогендік ахуалды бақылау және қылмыстың алдын алу бағытында атқарылған шаралар оң нәтижесін беруде. Атап айтқанда:

Сонымен қатар құқық қорғау органдары мүдделі құрылымдармен бірлесіп, интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы және басқа да қауіпті құқық бұзушылық түрлеріне қарсы кешенді шаралар қабылдап жатыр.

Кездесуде заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарына ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,3 триллион теңге болатын активтер мемлекетке қайтарылды.

Бұл қаражат есебінен 466 әлеуметтік инфрақұрылым нысанының құрылысы мен реконструкциясы қаржыландырылып, оның 378-і толық аяқталды. Атап айтқанда:

Халықаралық ынтымақтастық бағытында да ауқымды жұмыс атқарылуда. Бүгінде Бас прокуратура 39 юрисдикциямен 92 екіжақты келісімге қол қойған. Нәтижесінде Қазақстанға 50 адам экстрадицияланып, шет мемлекеттерге 123 адам берілді.

Мемлекет басшысының жарлығын орындау мақсатында инвесторларды қорғаудың жүйелі моделі іске қосылды. Жыл басынан бері 2886 инвесторға көмек көрсетілді, ал прокурорлар 3,5 мың инвестициялық жобаның іске асуын қадағалап отыр. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның «Цифрлық қадағалау» жүйесімен интеграциялануы туындаған түйткілдерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық салада 413 мың азаматтың конституциялық құқығы қалпына келтірілді:

Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын әсіресе жастар арасында ілгерілету, сондай-ақ қадағалау қызметіне заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету, заң үстемдігі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, соның ішінде электоралдық кезеңде құқықтық тәртіпті сақтау шараларын үйлестіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар